Заңдарды бұзғаны үшін теміржол компаниясы 75 млн теңгеден астам айыппұл төледі

Прокуратураның ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 159-бабы 3 және 3-1-бөліктері бойынша іс қозғалды. 

Заңдарды бұзғаны үшін теміржол компаниясы 75 млн теңгеден астам айыппұл төледі Фото: inbusiness.kz

Атырау облысында монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін теміржол компаниясына айыппұл салынды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Агенттіктің бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті көлік прокуратурасымен бірлесіп, "Batys Trans Group" ЖШС-не тексеру жұмыстарын жүргізіп, монополиялық жоғары бағаларды белгілеуде, қолдауда және әртүрлі бағаларды не тең мәнді келісімдерге әртүрлі шарттарды қолдануда монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактісін анықтады.

Прокуратураның ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 159-бабы, 3 және 3-1-бөліктері бойынша іс қозғалды.

Істі қарау қорытындысы бойынша, Атырау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы мамандандырылған сотының қаулысымен "Батыс Транс Групп" ЖШС құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компанияның монополиялық кірісі 52 миллион теңгеден астам тәркіленіп, 23 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу