Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

3407

1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 595 теңге болды. 

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 595 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 89 901 теңге, базалық зейнетақы - 42 694 теңге", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 926,5 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге - 291,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге - 635,1 миллиард теңге қарастырылғаны айтылды.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 миллион 364 мың адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу