Қазақстандағы жол бойындағы сервистің жағдайы қандай?

869

2025 жылға дейін бүкіл жол бойында тиісті қызмет болуы үшін қосымша 400-ден астам заманауи объекті салынады және қазіргілері нормативтерге сәйкестендіріледі. 

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің жағдайы қандай?

ҚР ИИДМ ел ішінде көліктерімен саяхаттайтындар жандарды жол бойындағы сервиспен қамтамасыз ету бағытында жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен және "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, қызметтердің барлық түрін көрсететін заманауи объектілер салынып жатыр және қазіргі жұмыс істеп тұрған нысандар халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Республикалық жолдар бойында 1854 сервис объектісі жұмыс істейді. Оның ішінде 1070 (58%) стандарт талаптарына сай келеді. 2021 жылы ол көрсеткіш 66% жеткізіледі (1322 бірлік).

Жыл соңына дейін 125 жаңа нысан салынады. Оның 38-і якорлық инвесторлар есебінен салынатын санитарлық тораптары мен тамақтану пункттері бар жанармай құю стансалары болады. 87 санитарлық-гигиеналық торап - жеке инвестиция есебінен және реконструкциялау шеңберінде бой көтереді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу