Қазақстандағы жұмыссыздар саны ең көп үш аймақ аталды

1247

Елде жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады. Ал жұмыссыздардың саны 2% көбейген. Жұмыссызы көп аймақтардың басында Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысы тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Қазақстандағы жұмыссыздар саны ең көп үш аймақ аталды

2021 жылдың алғашқы тоқсанында елде жұмыссыздардың саны 451,3 мың адамды құрады. Бұл – өткен жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштен 2% артық.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан 4,9%-ға көбейген. 

"2020 жылдың "карантиндік" екінші және үшінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5% жетіп, жұмыссыздардың саны 455 мың адамға дейін көбейген. Қазақстанда осы жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,5% (Қарағанды) бен 5,2% (Түркістан облысы мен Алматы қаласы) аралығында болды. Бір жыл бұрын Алматыда жұмыссыздық деңгейі 5,1%, Түркістан облысында 5% болған. Түркістан облысында жұмыссыз адамдардың саны 2,3%, нақтырақ айтқанда 42,6 мың адамға жетті. Алматыда бұл көрсеткіш 3,4% құрап, 53,2 мың адамды құрап отыр", - делінген зерттеуде. 

Жұмыссыздық деңгейі ерлерден қарағанда әйелдер арасында (5,4% және 4,4%) көбірек. 

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу