Қазақстандарға мобильді қосымша арқылы 20 млн онлайн қызмет көрсетілген

1056

Биыл тағы 140 ауылда интернет сапасы жақсарады.

Қазақстандарға мобильді қосымша арқылы 20 млн онлайн қызмет көрсетілген

2021 жылы eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы тұрғындарға 20 млн онлайн қызмет көрсетілді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы, Президент тапсырмаларының жүзеге асырылуы, цифрландыру және IT саласының даму перспективасы жөнінде есеп бердім", – деп жазды министр Facebook-тегі парағында.

Бағдат Мусин Президентке қандай мәселелер бойынша есеп бергеніне тоқталды.

"Ең қажетті 18 құжатты цифрлық нұсқаға ауыстырдық, 2021 жылы бұл қызметтерге 32 млн адам жүгінген. Жеке деректерді қорғау шараларын міндетті түрде сақтай отырып, мемлекеттік цифрлық сервистерді сыртқы платформаларға шығарып жатырмыз. Мысалы, Kaspi, Halyk банктері арқылы. Былтыр 70 млн онлайн қызмет көрсетілді, оның ішінде 20 млн онлайн қызмет eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы ұсынылды", – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол ұялы байланыс операторларына қатысты бақылау шараларын күшейту және байланыс сапасын өлшеудің жаңа алгоритмдерін қолдану арқылы "цифрлық теңсіздікті" жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"2021 жылы 628 елді мекенде интернет сапасы жақсартылса, биыл тағы да 140 ауылда осындай жұмыстар жүргізілмек", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу