Қазақстанды қорғауға жылына 18 миллиард теңге қажет – әділет министрлігі

1019

Соңғы үш жылда шетелде елімізге қатысты 22 дау тіркелген.

Қазақстанды қорғауға жылына 18 миллиард теңге қажет – әділет министрлігі

Қазақстан құқығын шетелдерде және арбитраждарда қорғау үшін жылына 18 млрд теңге қажет. Бұл туралы әділет министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Министрлік 18 млрд теңгені заң қызметтерін қаржыландыруға жұмсамақ. Дәлірек айтқанда, шетелдік  арбитраждардағы дау-дамайларда және сот орындарында Қазақстан құқын қорғайтын заң кеңесшілеріне төлейді.

Айта кетейік, соңғы үш жылда шетелде елімізге қатысты 22 дау тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу