"Өздеріңіз білесіздер, мен көктемде Қазақстанға барғанмын. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған Салтанат Нүкенованың сотына қатыстым. Мен қоғамдық резонанс тудырған мәселені ашық көрсетіп, дұрыс шешім қабылдағаны үшін Қазақстанды мақтан тұтамын", – деді ол.
Оның айтуынша, сананы өзгерту ең қиын нәрсе және оны біртіндеп жүзеге асыру керек.
"Ал қоғамның қысымы жағдайды қалай өзгерте бастады, зорлық-зомбылық құрбандарына деген көзқарас өзгерді", – деді Ксения Собчак.
Сондай-ақ, ол қазақстандық әйелдердің нәзік әрі ер мінезді екенін ерекше атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу