Қазақстанды сотқа берген америкалық компания жеңілді

993

Қазақстан Республикасы "Big Sky Energy Corporation" америкалық компаниясы бастаған төрелік процесті жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанды сотқа берген америкалық компания жеңілді

"2021 жылғы 24 қарашада Инвестициялық дауларды реттеу бойынша халықаралық орталығы (ИДРХО) жанындағы төрелік Трибунал "Big Sky Energy Corporation" америкалық компаниясының бастамасымен болған Қазақстан Республикасына қарсы төрелік іс бойынша Қазақстан Республикасының пайдасына шешім шығарды. Талап арыздың сомасы 460,1 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстан Республикасы Трибуналды Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты инвестициялық келісімнің бұзылмағанына сендірді. Талапкердің талаптары толығымен қабылданбады. Трибунал Талапкерді Республикаға төрелік шығындары төлеуді міндеттеді", – деп хабарланды ведомстводан.

Еске сала кетсек, "Big Sky Energy Corporation" компаниясы Қазақстанды 2017 жылғы шілдеде сотқа берген. Тыңдаулар 2021 жылғы 4-12 қаңтар аралығында онлайн форматта өткен.

Талапкер Атырау облысындағы мұнай кен орындарында жер қойнауын пайдалану құқығы бар "Қожан" ЖШС компаниясындағы қатысу үлесін экспроприациялау мемлекеттік органдардың кінәсінен деп шағымданған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу