"Нұр Отан" партиясы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес туризим тақырыбын талқыға салды, деп хабарлайды astanatv.kz.
Биыл саланы қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама қабылданады. Тисіті заң жобасы жуырда мәжіліске жолданбақ. Қазір мүдделі тараптар құжатты жан-жақты пысықтауда. 2025 жылға дейін ТОП-10 жоба таңдалған. Ол елдегі белгілі туристік орындар. 2025 жылға дейін онда келетіндер санын жылына 13,5 млн-ға жеткізу көзделген.
"Егер, жергілікті тұғандар ауылда, аудан орталықтарында киіз үй тігіп, жол көрсетіп, ас-ауқат беруге дайын болмаса, біз дамымаймыз. Жолдардың тегіс болуы да бізді құтқармайды. Кәсіпкерлік қана салаға серпін бере алады", – дейді мәжіліс депутаты Павел Казанцев.
Бір айта кетері, мемлекетті жарнамалауға Грузия – 14 есе, Чехия – 40 есе, Саудия 100 есе көп қаржы жұмсайды. Қазақстанды танытуға да жылына кем дегенде 10 млн доллар қаражат керек.
Олар бюджетке салмақ салмау үшін жарнамаға бөлінетін ақшаны табудың жолын ұсынды.
"Ол үшін туристерге салық салуды ұсынамыз. Шетелде кең тараған "бедтакс" секілді. Еуропа мен Америкада отелге тоқтасаңыз "бедтакс" алады. Қазақстандық емес, шетелдік азаматтарға тоқтаған жер салық салады. Ол бюджеттен тыс қорға аударылады. Сол қаржы жарнамаға бөлінеді", – дейді ҚР мәдениет және спорт министрлігінің комитет төрайымы Майнюра Мурзамадиева.