Қазақстандық 3 жас теннисші Тегерандағы турнирдің ширек финалына шықты

334

Иран астанасы Тегеранда 18 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан ITF Juniors J100 TEHRAN турниріөтіп жатыр.

Қазақстандық 3 жас теннисші Тегерандағы турнирдің ширек финалына шықты Фото: https://t.me/RRaketkasi

Беделді жарыста қазақстандық Әмір Омарханов (299 ITF Juniors), Заңғар Нұрланұлы (692 ITF Juniors) және Даниал Рахматуллаев (435 ITF Juniors) табысты өнер көрсетіп жатыр.

Екінші айналымда Әмір Омарханов швециялық Альфонсо Ридстремді 4:6, 7:5, 6:2 есебімен тізе бүктірсе, Заңғар Нұрланұлы үндістандық Хитеш Чуханды қапы қалдырды – 6:4, 3:6, 6:4. Ал, Даниал Рахматуллаев ирандық Амирали Гавамды жолдан тайдырды – 6:3, 6:0.

Жұптық сында Омарханов болгариялық Иван Найденовпен бірге жартылай финалда тағы бір қазақстандық Жақас Қозыбақ – ресейлік Дмитрий Буртцевпен шеберлік байқасады. Жеңген жұп финалға шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу