Қазақстандық 43 кәсіпорын шетелдік және отандық ірі компанияларда аккредиттелді

791

"QazIndustry" отандық өндірушілердің аккредиттеу және сертификаттау бойынша шығындарының 70%-ын өтеуге жәрдемдескен.

Қазақстандық 43 кәсіпорын шетелдік және отандық ірі компанияларда аккредиттелді

"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Жеткізушілерді дамыту қызметі жобасын іске асыруда. Осы уақытқа дейін бағдарлама отандық өнеркәсіпті қолдау бойынша тиімді құрал ретінде пайдаланылып келеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ басқарма төрағасы Берік Бекенов осындай ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша жоба кәсіпорындардың аккредиттеу және сертификаттау бойынша шығындарының 70%-ын өтейді. 

"Бірінші кезеңде 200 кәсіпорын іріктеліп, әр компания үшін жеке даму жоспарлары әзірленді. Жұмыс қорытындысы бойынша кәсіпорындардың 82%-ы өздерінің бизнес-процестерін жақсартты", – деді Берік Бекенов.

Оның айтуынша, әрбір кәсіпорында маркетинг, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны арттыру бойынша тренингтер өткізілген. 

"Бүгінгі таңда 43 кәсіпорын шетелдік және КПО, ТШО, НКОК, "АрселорМиттал Теміртау", "Қазмырыш", "Қазақмыс", "Қазминералс" және т.б. тапсырыс берушілердің дерекқорларында аккредиттелген өнім шығарушылар мәртебесін алды. Сонымен қатар 28 кәсіпорынға 123 млн теңгеге сертификаттауға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаржылық қолдау көрсетілді. Мысалы, Жеткізушілерді дамыту қызметі жобасы аясында полиэтилен және полипропилен құбырларының өндірушісі "Орал сауда-өнеркәсіп компаниясына" америкалық мұнай және газ институтының халықаралық қайта сертификаттауын алу бойынша шығындар өтелді", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу