Қазақстандық 5 кәсіпорын Саудияға ет экспорттайды

761

Былтыр Сауд Арабиясының ветеринариялық қызметінің мамандары қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорнына инспекция жүргізген болатын. 

Қазақстандық 5 кәсіпорын Саудияға ет экспорттайды

Қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорны Сауд Арабиясына қой еті мен сиыр етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпорындар: "Алтын қазық" ЖШС (Ақмола облысы), "Ақтөбе ет кластері" ЖШС (Ақтөбе облысы), "Empire Food" ЖШС (Алматы облысы), "Meat Processing and Service LLP" ЖШС (Алматы облысы), "Кублей" ЖШС (Батыс Қазақстан облысы).

Бұған дейін 2021 жылғы 6-14 қыркүйек аралығында Сауд Арабиясының ветеринариялық қызметінің мамандары қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорнына инспекция жүргізген болатын.

Осылайша, отандық кәсіпкерлер басқа елдердің аумағында қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін өткізудің жаңа нарықтарын игеріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу