Қазақстандық 8 боксшы қыз әлем чемпионатының ширек финалына өтті

1420

Қазақстандық 8 боксшы қыз әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Үндістанның Гувахати қаласында бокстан жасөспірім қыздар арасында әлем чемпионаты өтуде. Қазақстан құрамасы сапындағы 10 боксшы қыздың 8-і ширек финалға шықты, деп хабарлайды vesti.kz.

Қазақстандық боксшы Надежда америкалық Читлали Ортизден жеңілсе, Маржан поляк боксшысы Патриция Борысқа жол берді.

Жазира Орақбаева (48 кг), Жансая Әбдіраимова (51 кг), Лаура Есенкелді (54) кг, Сандуғаш Әбілхан (57) және Жансая Балтабекова (60) іріктеу кезеңдерінде бірнеше жекпе-жек өткізіп, қарсыластарын айқын жеңіп шықты. Әсіресе, Жансаяның жекпе-жегі жанкүйерлер көңілінен шықты. Ол аустралиялық қарсыласы Индианна Хейблоны екінші раундта нокдаунға түсірді.

Салтанат Естаева (75 кг), Арайлым Бекділдә (81 кг) мен Дина Исламбекова (+81 кг) алғашқы жекпе-жектерін ширек финалдан бастап өткізетін болды. Әлем чемпионатының финалдық кездесулері 26 қарашада өтеді.

Айта кетейік, Гувахатидегі әлем чемпионатына әлемнің 38 елінің 186 қызы қатысуда. Ширек финалға Үндістан мен Ресейден 9 боксшыдан шықты. Ал АҚШ-тың - 6, Польшаның 4 боксшы қызы жарыс жолында. Қытай, Германия, Түркия және Украинадан 4 боксшы ширек финалға жолдама алды. Ирландия мен Италия елдерінен 3 боксшыдан жарысты жалғастыратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу