Қазақстандық азамат қару тазалап жатып, абайсызда жағына оқ атқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқ ер адамның иек тұсынан өткен. Оқ жарақаты бар науқас Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына шұғыл жатқызылды.
Жақ-бет хирургиясы бөлімінің дәрігерлері науқастың жағдайын бағалаған. Мұндай жағдайларда шұғыл көмектесу өте маңызды.
Науқасқа көмектесу үшін оқты алу қажет болған. Отаны жақ-бет хирургиясының дәрігері Бақытжан Шермахан жасады.
"Ота сәтті өтті, науқасқа отадан кейін де қажет көмек уақытылы көрсетілді. Науқастың жағдайы жақсы және мамандардың бақылауында", – деді дәрігер Бақытжан Шермахан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу