Қазақстандық әйел АҚШ-тың арнайы сыйлығына ие болды

719

Қазақстандық әйел АҚШ-тың арнайы сыйлығына ие болды

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті International Women of Courage Award-2018 сыйлығының иелерінің тізімін жариялады. Аталған сыйлық әр елдегі ерлік көрсеткен әйелдерге беріледі. Биыл жеңімпаздар арасында қазақстандық қорғаушы Айман Омарова бар, деп хабарлайды КТК.

23 наурызда International Women of Courage Award-2018 сыйлығы 10 әйелге берілетін болады. Сыйлықты АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Салливан табыстайды. Марапаттау рәсімінде АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп сөз сөйлейді.

"International Women of Courage Award сыйлығы 2007 жылдан бері ерлік танытқан әйелдерге беріліп келе жатыр. Сол уақыттан бері АҚШ-тың мемлекеттік департаменті сыйлықты 65-тен аса елдегі 120 әйелге табыстады", – делінген мемлекеттік департамент хабарламасында.

Айман Омаровадан бөлек, аталған сыйлыққа Ауғанстан, Гватемала, Гондурас, Ирак, Косово, Мавритания, Таиланд және Италия мемлекеттерінің әйелдері лайық деп танылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу