Қазақстандық әйел "Ресей-Украина соғысында жүрген" жігітке 2 млн теңге жіберіп, алданып қалды

668

Әйел бұл ақшаны несиеге алыпты. Ал "сүйіктісі" ақша қолға тиген соң ғайып болған.

Қазақстандық әйел "Ресей-Украина соғысында жүрген" жігітке 2 млн теңге жіберіп, алданып қалды

Интернетте жігітпен танысқан Ақсу тұрғыны 2 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Анықталғандай, әйел интернетте жігітпен танысқан. Ол оған Ресей-Украина соғысында жүргенін және жақында Қазақстанға келетінін айтқан. Хат алмасу кезінде ол тәтті сөйлеп, әйелдің жүрегін жауалаған. Кейін қыздан жеке заттары, құжаттары және 50 мың доллар көлеміндегі қолма-қол ақшасы бар пакетті қарсы алуды өтінген. Бірақ сәлемдемені шекарадан өткізу үшін мемлекеттік баж салығын және кедендік анықтаманы төлеу керек екенін айтқан. Әйел бірден жақын маңдағы банктен 2 миллион теңге несие рәсімдеп, корреспонденцияда көрсетілген банк шотына жіберген. Ал ақшасын алып алған алаяқ қосымшадан өшірілген.

"Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар адамды анықтауға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүргізіп жатыр", – деп жазады ақпарат көзі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу