Қазақстандық әйел Ресейде пластикалық отадан соң көз жұмды

995

Саратов облысының губернаторы Валерий Радаев аталмыш жағдай бойынша мәлімдеме жасады. 

Қазақстандық әйел Ресейде пластикалық отадан соң көз жұмды

23 ақпанда Ресейдің Саратов облысында, TerraSomnia  жеке емханасында пластикалық отадан Қазақстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды kaztag.kz.

"39 жасар Қазақстан азаматы Саратовқа липосакция жасатуға барған. Отадан кейін әйел екі сағаттан соң комаға түсіп, содан есін жимаған. Алдын-ала ақпар бойынша ол көп қан жоғалтудан көз жұмған", – деп жазды "Новости Саратова" интернет басылымы.

Саратов облысының губернаторы Валерий Радаев аталмыш жағдай бойынша мәлімдеме жасады. 

"Тергеу органдары, Росздравнадзор, бақылаушы құрылымдар қайғылы жағдайды мұқият тексеруге, науқастың қаза табу себебін анықтауға міндетті. Емхана қызметі мен қызметкерлер жұмысына құқықтық және эксперттік баға берілетін болды, мекеме қызметінің заңдылығы туралы қорытынды жасалады", – деп мәлім етті Радаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу