Астанадан Антальяға бет алған ұшақ ішінде күтпеген жағдай орын алды

Қазақстандық әйелдер Түркия бағытындағы ұшақта төбелес шығарды. Жанжалдың өршігені сонша экипаж командирі ұшақты қондыруға мәжбүр болған. 

Астанадан Антальяға бет алған ұшақ ішінде күтпеген жағдай орын алды Фото: pixabay.com

Бұл туралы inbusiness.kz сайты TRTHaber порталына сілтеме жасап хабарлады.

Ұшақ бортында украиналық ерлі-зайыптылар мен қазақстандық екі әйел арасында жанжал туындағаны белгілі болды.

Қатты айқаймен басталған келіспеушіліктің соңы төбелеске дейін барған. Сондықтан, Pegasus Airlines әуе компаниясының Астана-Анталья бағытындағы рейсі шұғыл түрде Түркияның Эрзурум қаласындағы әуежайға қонған.

Төбелеске қатысы бар 4 адам ұшақтан түсіріліп, медициналық тексеруден өткенін түркиялық БАҚ жазды. Кейіннен қос тарап қалалық полиция бөлімшесіне жеткізіліп, бір-біріне шағым түсірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу