Қазақстандық аккумуляторлар Қытайға нарығына жол тартты

1415

Қазақстандық аккумуляторлар Қытайға нарығына жол тартты

Елімізде жасалған аккумуляторлардың алғашқы партиясы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына жеткізілді. Қазір отандық компания экспорт көлемін ұлғайту үшін қытайлық серіктестерімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Әзірге Қытай нарығына 500 дана аккумулятор шығарылды. 

Бұл өнім қауіпті жарылғыш жүктің санатына жатқызылғандықтан, темір жолмен тасымалдауға тиым салынған. Сондықтан аккумуляторлар көрші елге жүк көлігімен жеткізіледі.  

"2012 жылы вагонмен сынама партиясын әкелген едік. Бірақ Қытай тарапы мұндай жүкті темір жолмен тасымалдауға рұқсат етпей, шығынға ұшырадық. Аз үзілістен кейін көрші елдің нарығына қалай кіргеніміз тиімді, соны қайта зерттей бастадық. Қазір тағы да тәуекел деп отырмыз, өйткені біздің зауыттың күші жылына 3 млн аккумулятор шығаруға жетеді", – аккумулятор шығаратын компанияның экономика жөніндегі директоры Салтанат Түсіпбаева.
Кhabar.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу