Қазақстандық АҚШ-тағы гей-парадта еліміздің туын "желбіретті"

578

Қазнет кеңістігінде Нью-Йоркте өткен ЛГБТ шеруінен видеоны қызу талқыға түсуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстандық АҚШ-тағы гей-парадта еліміздің туын "желбіретті"

Желіде АҚШ-тағы гей-парадқа Қазақстан туымен барған Әбдел Мұхтаровтың әрекеті қызу талқыға түсуде. Ол өзінің парақшасында осы жиыннан түсірілген кадрларды жариялады. 

Оның ойынша, қазақстандықтардың бұған теріс пікір білдіруінің екі себебі бар.

"Жалпы сауатсыздық, халқымыздың білімінің төмендігі. Бұл біріншісі. Екіншісі кедейлік, материалдық және рухани", – деді Мұхтаров Instagram желісіндегі парақшасында.

Ол гей-парадтар өтетін елдерді "әлемдегі ең прогрессивті, ең бай және табысты мемлекеттер" деп санайды. Мұндай шерулерге тыйым салынған елдер, оның ойынша, "кедей елдер, жемқорлық деңгейі жоғары дамушы елдер".

Сонымен қатар ол тудың төңірегіндегі мұндай сынға да таң қалатынын жазды.

"Алдыңғы қатарлы елдерді алып қарасаңыз Франция, Англия, АҚШ. Ту барлық жерде қолданылады. Киімде де, купальниктерде де. Ал мұның бәрі керемет, бұл елді жарнамалау және бәрі мақтанады" – дейді қазақстандық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу