Қазақстандық ақша Ресей мен Кайман аралдарына көптеп салынуда

888

Польша мен Оңтүстік Корея ең аз қаражат алады.

Қазақстандық ақша Ресей мен Кайман аралдарына көптеп салынуда

Үш жыл ішінде Қазақстанның басқа елдерге инвестициялары 9 млрд долларға азайды,деп жазады inbusiness.kz .

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шетелдерге тікелей инвестициялар шамамен 28,5 млрд доллар болған, ал 2017 жылы яғни тап үш жыл бұрын 37,5 млрд доллар болған. Үш жылдағы инвестициялрдың қысқаруы 24% немесе 9 млрд доллар болып отыр.

Қазақстан ең көп қаражат инвестициялаған елдер қатарында Нидерланд-  17,8 млрд (-15,2%) тұр. Одан кейін 1,9 млрд доллар алған Ресей (+ 5,5%), Кайман аралдары - 1,3 млрд доллар (+ 147,6%), Ұлыбритания - 1,2 млрд доллар (-74%) және Швейцария - 1,1 млрд доллар алған - 31,2%).

Сонымен бірге олар Люксембургке 921,4 млн доллар, Лихтенштейнге 500 млн доллар, Кипрге 470,1 млн доллар, Сингапурға 427,4 млн доллар қаражат құйды.

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың қазан айының басында ең аз қаражат салынған елдер Австрия, Польша және Оңтүстік Корея. Бұл елдердің әрқайсысына  100 мың доллардан қаражат құйылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу