Қазақстандық актер Аян Өтепберген Испаниядағы халықаралық кинофестивальде үздік актер атанды

640

​Қазақстандық театр және кино актері, Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театрының әртісі Аян Өтепберген Испанияның Тенерифе аралында өткен X Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалінде "Үздік актер" аталымының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Қазақстандық актер Аян Өтепберген Испаниядағы халықаралық кинофестивальде үздік актер атанды Фото: жеке парақшасынан

Актер Джек Тейлор атындағы жүлдені "Sicko" фильміндегі рөлі үшін иеленді. Фестивальдің қазылар алқасы оның актерлік шеберлігін жоғары бағалап, кейіпкер бейнесін әсерлі сомдағанын, драма мен юморды ұтымды ұштастыра білгенін атап өтті.

Фестиваль қорытындысында "Sicko" фильмі "Үздік толықметражды фильм", "Үздік актер" және "Үздік костюмдер" аталымдары бойынша үш жүлдеге ие болды.

Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалі жыл сайын Канар аралдарында өтеді. Биыл оныншы рет ұйымдастырылған мерейтойлық фестиваль 6-15 қараша аралығында өтті.

Аян Өтепбергеннің жеңісі – отандық кино өнерінің елеулі жетістігі әрі қазақстандық әртістердің халықаралық деңгейде танылып келе жатқанының тағы бір айғағы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу