Қазақстандық актер Юрий Померанцев қайтыс болды

915

100 жасқа қараған шағында танымал қазақстандық актер Юрий Померанцев өмірден озды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстандық актер Юрий Померанцев қайтыс болды

Бұл туралы журналист Лека Савельева Facebook-те жазды.

"20 наурыз. "Визиты к мистеру Грину" қойылымы керемет және әдеттегідей аншлаг болды. Аты аңызға айналған Юрий Борисович керемет өнер көрсетті. Бұл оның соңғы жұмысы. Соңғы қойылымы. Соңғы овациясы. Бұл барлығымыз үшін орны толмас ауыр қаза. Енді "Біздің сүйікті дәрігеріміз" жоқ", – деп жазды Лека Савельева.

Айта кетейік, Юрий Померанцев 1923 жылғы 11 ақпанда Украина астанасы Киевте дүниеге келген. Ол Ұлы Отан соғысында жараланып,

1943 жылы Алматыға келеді. Қазақстанда театр мен кино саласында жұмыс істеді. 1957 жылы "Біздің сүйікті дәрігер" фильміне түскеннен кейін танымал болды. Онда актер доктор Анатолий Николаевич Лавровтың рөлін сомдаған еді.

Юрий Померанцев – Қазақстанның Еңбек Ері, Еңбек Қызыл Ту, Ұлы Отан соғысы, Отан және тағы басқа көптеген награданың иегері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу