Қазақстандық "Альфа-Банк" 2021 жылға дивиденд төлеуден бас тартты

792

Банк 2021 жылға арналған қаржылық есептілігін әлі жариялаған жоқ.

Қазақстандық "Альфа-Банк" 2021 жылға дивиденд төлеуден бас тартты

"Альфа-Банк" АҚ ЕБ жалғыз акционері 2021 жылға жай акциялар бойынша дивидендтерді төлемеу туралы шешім қабылдады, делінген банктің сәрсенбіде KASE-де жарияланған хабарламасында.

"2021 жылдың қорытындысы бойынша банктің жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу, банктің 2021 жылғы таза кірісін өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісіне бағыттау", – делінген хабарламада.

2020 жылы қазақстандық Альфа-банк ЕБ жай акциялар бойынша дивидендтер түрінде $19 млн төледі.

Қаржы институтында 548,4 миллион акция бар, олардың барлығы орналастырылған. Банктің артықшылықты акциялары жоқ.    

Хабарланғандай, қазір банк иесін ауыстыру бойынша келіссөздер жүріп жатыр.       

Бұған дейін қазақстандық "Альфа-Банк" ЕБ АҚШ-тың OFAC санкциялар тізіміне енгізілгені айтылған болатын.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, Қазақстандағы "Альфа-Банк" 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша активтерінің көлемі бойынша 22 қазақстандық банктің арасында 11-орынды иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу