Олар бұл жетістіктерін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арнады. Спортшы Мақсұт Жұмаев бастаған құрамында түрлі этнос өкілдері бар альпинистер командасы аяз бен қатты желге қарамастан биік таудың шыңын бағындырып отыр.
– Бұл экспедиция жай ғана шыңға өрмелеу емес. Бұл шыдамдылық пен табандылықтың арқасында армандарға жетуге болатынын дәлелдеу десе де болады, - деп жазды қазақстандық альпинистер Instagram парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу