Ыстамбулда (Түркия) өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Анджелина Лукас (3-0, 2 КО) мексикалық Ана Аррасоламен (28-16-3, 14 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды inbusiness.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті және әрқайсысы екі минуттан он раундқа жоспарланған болатын. WBC International титулы таласқа түсті.
Жекпе-жек қазылар алқасының шешімімен Лукастың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Анджелина Лукас проф рингтегі төртінші жеңісіне қол жеткізсе, Ана Аррасола мансабындағы он жетінші рет жеңіліске ұшырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу