Қазақстандық анимациялық фильм Испанияда өткен фестивальде үздік атанды

546

Халықаралық байқауға 1500 анимациялық жұмыс үміткер ретінде ұсынылған.

Қазақстандық анимациялық фильм Испанияда өткен фестивальде үздік атанды Фото: ҚР Мәдмин

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан "Бесік жыры" қысқаметражды анимациялық фильмі Испания астанасы Мадридте өткен беделді кинофестивальде "Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм" жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап.

MADFA Madrid Film Awards – 2023 20-шы халықаралық байқауға 1500 анимациялық жұмыс үміткер ретінде ұсынылғанын айта кеткен жөн. Мадрид киножүлдесі MADFA (MFA) IMDb ресми конкурсына кіреді. Фестиваль жыл сайын өз алаңында әлемнің ең үздік туындылары мен талантты режиссерлердің басын қосады.  

"Қазақстандық анимациялық фильмнің беделді халықаралық байқаудың бас жүлдесін иеленгені – отандық анимация саласының оң бағытта дамып келе жатқанының көрсеткіші деп санауға болады. Мәдениет және спорт министрлігі 2030 жылға дейін жалпы прокаттағы қазақстандық фильмдердің, оның ішінде анимациялық фильмдердің үлесін 35%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Ол үшін жыл сайын кемінде 10 анимациялық жоба жасалатын болады. Өткен жылы елімізде алғаш рет "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі құрылды. Аталған ұйым отандық анимация мамандарының шеберлігін шыңдап, анимациялық жобаларды шығаруға қолдау көрсетеді",- деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу