Бортсерікке шабуыл жасаған әнші кім?

406

Оған 15 АЕК, яғни 55 380 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Бортсерікке шабуыл жасаған әнші кім? Фото: inbusiness.kz

ҚР Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев өткен жылдың желтоқсан айында Fly Arystan бортсерігіне шабуыл жасаған қазақстандық әнішінің есімін атады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ведомство өкілі аталған факті 2023 жылы 18 желтоқсанда Шымкент әуежайында болғанын растады.

"Шымкент-Астана бағыты бойынша 7308 рейстен Fly Arystan әуе компаниясының өкілінің актісі бойынша Астана қаласының тұрғыны 1982 жылы туған жолаушы Нұрымбетов "Целиноград" аудандық мәдениет үйінде жұмыс істейді" мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 17 қаңтардағы қаулысымен азамат Нұрымбетов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - деді Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Комитет төрағасы Нұрымбетовке 15 АЕК, яғни 55 380 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынғанын қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу