Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы Алматыда 50 жас мерей тойын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Продюсердің туған күніне жақын туыстарымен қатар, белгілі өнер азаматтары, шоу-бизнес өкілдері жиналған. Олар әлеуметтік желідегі парақшасында кештің әдемі сәттерімен бөлісіп жатыр.
Сондай-ақ, мерейтойға арнайы келген ресейлік Валерий Меладзе қазақстандық эстрада жұлдыздарымен ән шырқады.
Валерий Меладзе мәдениеті жоғары, көпшіл, кішіпейіл жан. Бірнеше рет көзім жетті. Бір өнерде жүрміз ғой деп, сахнаға бірнеше қонақты өзі шақырды (ешқандай мәдениетсіздік, шектен шығу болған жоқ).
Кештің атмосферасы да соны сұрап тұрғандай әсер берді. Бір бірімізге әдемі кедергі жасап, нотадан ауытқып, арагідік, өз дауысымызды өзіміз естімей, (ішпей-жемей ) өз көңілімізді өзіміз көтердік. Музыкада шекара жоқ екені кезекті рет көрініс тапты.
Сөйтіп Баян қыздың екі 25-ін тойлап қайттық. Шуақты шақтарыңыз көп болсын, деп жазды әнші Сәкен Майғазиев.