Қазақстандық ардагер Ресейде жасөспірімдер қолынан қаза тапты

399

62 жастағы полковник ІІМ саласында жұмыс істеген.

Қазақстандық ардагер Ресейде жасөспірімдер қолынан қаза тапты

Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарында Санкт-Петербургте қайтыс болған Қазақстан полициясының ардагері туралы ақпарат кеңінен тарап жатыр. 

Интерфакс-Қазақстан сайтының жазғанына сенсек, марқұм Қазақстанның ішкі істер саласында қызмет істеп, полковник шенімен зейнетке шыққан көрінеді. Бейнетінің зейнетін Ресейде көру үшін Санкт-Петербурге қоныс аударған. 

Құзырлы органдар оқиғаның қалай өрбігені туралы анық мәлімет ұсына алмай жатыр. 

Ресейлік ІІМ-нің баспасөз қызметі 62 жастағы тұрғын мен жасөспірімдер арасында жанжал туып, марқұмның бастан алған жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды деген ақпарат таратты. Қазір бұл іспен Ресейдің тергеу комитеті айналысып жатқан көрінеді.

Төбелеске қатысы бар жасөспірімдер жауап алынғаннан кейін үйлеріне жіберілген. Бұл ақпаратты Тергеу комитетінің қалалық басқармасы шындыққа сәйкеспейді деп отыр. Олардың нұсқасында зейнеткер пәтерінің алдында жығылып, соның салдарынан жан тапсырған.

Ресейдің тергеу комитеті бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын, қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатқанын мәлім етті.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу