Қазақстандық арнайы қызмет трансұлттық есірткі тасымалы арнасына қарсы тұрды

812

11 халықаралық және 23 аймақтық арнаның жолы кесілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қазақстандық арнайы қызмет трансұлттық есірткі тасымалы арнасына қарсы тұрды

"Қазақстан трансұлттық құрылымдар жүзеге асыратын есірткі тасымалы объектісіне айналды. Бұл ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіріп, ұлт денсаулығына нұқсан келтіруі мүмкін. Осы уақытқа дейін 11 халықаралық және 23 аймақтық есірткі тасымалы арнасының жолы кесілді. 15 ірі дәріхананың қызметі тоқтатылды. 26 трансұлттық топ мүшесі ұсталды, Ауғанстанда жасалған бір тоннадан астам есірткі заңсыз айналымнан алынды", - деп жазылған Кәрім Мәсімовтің "Казахстанская правда" басылымы жарияланған мақаласында.

Оның айтуынша, Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы, АҚШ әділет министрлігі Ауғанстан және Өзбекстанның құзыретті органдарымен бірлесіп бірқатар ортақ операциялар жүргізген. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу