Қазақстандық арнайы жасақ әлемнің үздік үштігіне кірді

181

Дубайда өткен халықаралық SWAT Challenge жарысы өз мәресіне жетті. 

Қазақстандық арнайы жасақ әлемнің үздік үштігіне кірді Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Бұл беделді сайысқа әлемнің 80 елінен 100-ден аса арнайы жасақ бөлімшесі қатысып, 5 күн бойы тактикалық, штурмдық, құтқару операциялары, кепілдегі адамдарды босату және кедергілер жолағын еңсеру бойынша өз шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ішкі істер министрлігінің "Сұңқар" арнайы жасағы барлық кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте күміс жүлдені жеңіп алды.

Сонымен қатар, Қазақстанның өзге де арнайы жасақ бөлімшелері үздік ондыққа кірді. Олардың қатарында ҚР ҰҚК “Арыстан” және “SSN Aktau”, МКҚ-ның “Сардар” арнайы жасағы, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан құрамасы бар.

Айта кетейік, "Сұңқар" командасы алғашқы және үшінші кезеңдерде бірінші орын иеленді.

Нәтижесінде, 2 алтын және жалпы қорытынды бойынша күміс медаль алып, жетістікке жетті. Команда бұл жарысқа осымен екінші мәрте қатысып жатыр.

"Биылғы сайыстың тарихи ерекшелігі – Ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтарының атынан алғаш рет "Томирис" әйелдер командасының қатысуы. Оның құрамында конькимен жүгіру спорты бойынша әлемдік рекорд иегері, 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, спорт шебері және күштік спорт түрлері бойынша түрлі деңгейдегі жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері бар. “Томирис” командасы барлық сынақтан сәтті өтіп, ерлер командаларымен терезесі тең өнер көрсетті. Нәтижесінде, әйелдер арасында Қазақстан құрамасы екінші орынға көтерілді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу