Қазақстандық әскери дәрігерлер Бейрутқа ұшып кетті

915

Әскери медицина қызметкерлерінің мақсаты – зардап шеккендерге білікті медицина көмек көрсету. 

Қазақстандық әскери дәрігерлер Бейрутқа ұшып кетті

8 тамыз күні таңертең Бейрут портында жарылыс нәтижесінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері әскери-транспорттық авиация ұшағы Ақтау - Бейрут бағыты бойынша ұшты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"7 тамызда ҚР Президенті – ҚР ҚК Бас қолбасышысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамының арасынан құралған 29 медицина маманы мен 4 аудармашы бар топ Нұр-Сұлтан-Ақтау бағыты бойынша ұшты. 8 тамыз күні таңертең Бейрут портында жарылыс нәтижесінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері әскери-транспорттық авиация ұшағы Ақтау - Бейрут бағыты бойынша ұшты", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада елдегі Covid-19-бен байланысты жағдайды ескере отырып, топ құрамына инфекционист және терапевт дәрігерлер қосылмағаны айтылған. Топ құрамына жоғары білікті хирургтар, травматологтар, нейрохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, сондай-ақ хирургиялық бейіндегі орта медициналық персоналдар бар. Олардың көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген.

7 тамыз күні Президент – ҚК Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министріне Ливанға әскери медицина мамандарын жіберу туралы мәселені шешуді тапсырған болатын.

Еске салар болсақ, 4 тамызда Ливан Әскери-теңіз күштерінің базасына жақын орналасқан Бейрут портының маңында қуатты жарылыс болып, 150-тан кем емес адам қаза болғаны белгілі. Бес мыңға жуық адам жарақат алды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу