Қазақстандық әскери қызметші АҚШ-та рекорд орнатты

104

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті.

Қазақстандық әскери қызметші АҚШ-та рекорд орнатты Фото: gov.kz

Қазақстан Қарулы күштерінің командасы Аризона штатындағы Кемп Навахо әскери базасында жыл сайын өтетін Best worrier байқауына қатысып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның намысын өткен жылы кәсіби сайыста жүлделі орындарға ие болған 54835-А әскери бөлімі батальонының сержанты 3-сыныпты сержант Аслан Дархан мен 18404 әскери бөлімі ротасының 3-сыныпты гвардия сержанты Рауан Тоқтарбеков қорғап жатыр.

18 мамырға дейін созылатын байқауға АҚШ-тың 7 штатынан, Фиджи, Гуам, Тонга және Филиппиннен келген әскери қызметшілер сайысады. Аризона Ұлттық гвардиясы жыл сайын Best worrier байқауын өткізіп, онда әскери қолданбалы пәндерден үздік деп танылған сержанттарды анықтайды.

Жарыс армиялық жауынгерлік фитнес тесті, жауынгерлік даярлықты оқыту пәндерінен нормативтерді орындау, түнгі күзет, картамен жұмыс, аймақты бағалау және азимут бойынша қозғалыс, жергілікті жерді патрульдеу, тактикалық медицина, М-240В пулеметінен, М-4 автоматынан, М-17 тапаншасынан ату, арнайы әскери сауытпен және 12 келі жүкпен 22 шақырымға марш жүгіру сынды 10 негізгі жарыстан тұрады.

Дүбірлі додада АҚШ армиясының қару-жарағымен және құралдарында жаттығулар мен нормативтерді орындаса да біздің әскери қызметшілер тамаша нәтижелер көрсетіп жатыр.

Нақтырақ айтсақ, 3-сыныпты сержант Дархан Аслан 800 метрге жүгіруде қашықтықты 2 минут 5 секундта еңсеріп, үздік нәтиже көрсетті. Ол көрсеткен нәтиже Аризона штатының Ұлттық гвардия байқауы тарихындағы рекорд ретінде тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу