Ақмола облысының Щучинск қаласында өткен байрақты бәсекеге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан, Оңтүстік Корея және Моңғолиядан келген 300-ден астам спортшы қатысты.
Жарыста қазақстандық спортшы 32 келілік екі кір тасын 10 минут ішінде 93 рет жұлқи көтеріп, алтын медалға ие болды.
3 сыныпты сержант Сұңқар Қуанышбаев Аягөз гарнизонындағы танк құрамасында қызмет етеді. Кір спортымен әскери салаға келген соң тұрақты түрде айналыса бастаған. Қажырлы еңбек пен маңдай тердің арқасында аз уақыт ішінде әскери спортшы кір спортынан спорт шебері, Қарулы күштердің чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионаттарының жүлдегері атанған.