Қазақстандық әскери қызметшілер "Бейбіт миссияға" қатысады

614

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің – Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан әскери контингенттері терроризмге қарсы бірлескен "Бейбіт миссия – 2021" командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық әскери қызметшілер "Бейбіт миссияға" қатысады

Бұл оқу-жаттығу Ресей Федерациясының Орынбор облысында өтпек. Оған Қазақстанның Қарулы Күштерінен "Батыс" өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы, Әскери-әуе күштерінің Су-25 ұшақтары тартылады.

"Оқу-жаттығу шеңберінде ШЫҰ-ға мүше елдердің әскери контингенттері терроризмге қарсы бірлескен операцияға дайындалуы және оны өткізу мәселелерін пысықтайтын болады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, бұл "Бейбіт миссия" 2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізу туралы келісім шеңберінде екі жылда бір рет өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу