Қазақстандық әскери парашютшілер халықаралық турнирде ІІ орын иеленді

216

Брест қаласында Беларусь Республикасы Арнайы операциялар күштерінің бастамасымен ұйымдастырылған халықаралық парашют спорты турнирі өз мәресіне жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық әскери парашютшілер халықаралық турнирде ІІ орын иеленді Фото: Қорғаныс министрлігі

Жарысқа Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің үздік командалары қатысты. Жалпы турнир барысында 32 команда өзара бақ сынады.

Қазақстан атынан Десанттық-шабуылдау әскерлері, Арнайы операциялар күштері және әйелдер құрамасы сынға түсті.

Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштері командасы ІІ орынды иеленді. Бұл нәтиже қазақстандық әскери қызметшілердің жоғары кәсіби даярлығын, төзімділігі мен жауынгерлік рухын тағы бір мәрте көрсетті.

Жеңімпаз командаларды лайықты жетістігімен құттықтаймыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу