Қазақстандық әскерилер АҚШ-тағы CENTCOM оқу-жаттығуына қатысты

333

CENTCOM-ның хабарлауынша, оқу-жаттығу 12 маусымда Монтана штатындағы Fort Harrison базасында аяқталды.  

Қазақстандық әскерилер АҚШ-тағы CENTCOM оқу-жаттығуына қатысты Фото: facebook.com/CENTCOM

Қазақстан өкілдері АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы өткізетін халықаралық әскери оқу-жаттығуға қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Екі апта бойы оған 10 елден 350-ден астам әскери қызметші, сондай-ақ АҚШ Ұлттық гвардиясының 10 бөлімшесінің өкілдері қатысты. Оқу-жаттығу барысында командалық-штабтық өзара іс-қимыл, далалық тактика және киберқауіпсіздік сценарийлері пысықталды. Қатысушылар сонымен қатар қоян-қолтыс ұрыс, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану, жергілікті жерде бағдарлау және жауынгерлік жағдайда медициналық көмек көрсету бойынша дайындықтан өтті.

Америка тарапының мәліметінше, 11 күндік шара түрлі елдердің әскерилері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, жедел үйлесімділікті және бірлескен әрекеттерге дайындықты арттыруға бағытталған.

"Сенім дағдарыс кезінде қалыптаспайды, ол дағдарысқа дейін қалыптасады. Біз барлық қатысушылар арасында серіктестік, үйлесімділік, сенім мен түсіністік орнатып жатырмыз", – деді CENTCOM-нан оқу-жаттығудың жетекші жоспарлаушысы Рэндалл Филлипс.

Regional Cooperation – Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің қатысуымен өтетін CENTCOM-ның ең ірі оқу-жаттығу шарасы. 2026 жылы бұл оқу-жаттығу ХХХ мәрте өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу