Бұл туралы inbusiness.kz сайты Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мәскеудегі Қызыл алаңда өтетін парадта Қазақстанның 37-десанттық-шабуылдаушы бригадасының Панфилов атындағы салтанатты тобы сап түзеп өтпек.
Әскерилер Ресейге жеткен күні, Волоколамск қаласындағы Панфиловшылар музейіне барып, Нелидово ауылындағы бауырластар зиратына жерленген жауынгерлер рухына тағзым етті.
Мерекелік шараға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады.
Сонымен қатар парадқа Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан басшылары да қатысады.
2023 және 2024 жылдары да Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі парадтарға барған болатын.