Қазақстандық әскерлер шетелге аттануы мүмкін

1001

Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлерді шетелге жіберу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Қазақстандық әскерлер шетелге аттануы мүмкін

"Қазақстандық бітімгерлер басқа елге баруы мүмкін. Қазіргі таңда Жоғарғы бас қолбасшының тапсырмасы бойынша (Қорғаныс министрлігі – автор) бұл жұмыс жүргізілуде. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) өкілдермен аталған мәселені (шетелге қазақстандық әскерлерді жіберу – автор) талқылап жатырмыз", - деді вице-министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Тимур Дәндібаевтың айтуынша, министрлік шетелге әскери дәрігер, инженер, барлау бөлімшелері, әскери полиция жасақтарын жіберуге дайын. 

"Алайда қазір әскерлерді нақты қайда жіберетінімізді айта алмаймын. (Шетелге әскеру жіберу – автор) жоспарда бар", – деп түйіндеді сөзін министрдің орынбасары.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу