Қазақстандық велокоманда "Astana Pro Team" 1 қаңтардан бастап "Astana-Premier Tech" деп аталады, деп хабарлады дүйсенбіде әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қызметі.
"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық нарықтарда табысты 30 жылдық тәжірибесі бар канадалық Premier Tech компаниясы "Astana Pro Team" кәсіпқой велоклубтың жаңа тең иесі болады. Осыған байланысты Astana Pro Team өз атын "Astana-Premier Tech" деп өзгертті, – делінген хабарламада.
Қордың хабарлауынша, осылайша велокоманданың бас серіктесі "Самұрық-Қазына" қаржыландыруды 50% қысқартады. Қысқа мерзімде велокоманда өзін-өзі қаржыландыруға көшеді, сондай-ақ UCI әлемдік турына қатысуды жалғастырады. .
Еске сала кетсек, қыркүйек айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен ұстаудың орынсыздығын атап өткен болатын.