Қазақстандық атлетші әлем чемпионатында жарақат алып қалды

809

Қазақстандық атлетші әлем чемпионатында жарақат алып қалды

18 жастағы қазақстандық гимнастшы Милад Карими Австралияның Мельбурн қаласында өткен Әлем кубогының екінші кезеңінде ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Карими Instagram желісіндегі парақшасында жарақат алған сәтінде түсірілген видеоны жариялап, былай деп жазды: "!Дауысымен көріңіз! Мынау менің жағымнан шығып жатқан дауыс емес, қолымның сынған сәтіндегі дыбыс. Мені қолдағандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Бүгін ота жасады, сүйектерді жинап, қайта қалпына келтірді". 

Тағы бір постында ол өзі үшін осы маусымның аяқталғанын айтты. "Үшжүзінші. Қолдағандарыңыз үшін рақмет! Маусымда аяқталды. Үш жерден сынды, бір жерім жарылған", - деп жазды Карими. 

Айта кетейік, 2017 жылы Карими тұңғыш рет Қазақстан тарихында әлем кубогында спорттық гимнастикадан "күміс" медаль иеленген еді. Алматылық спортшы еркін жаттығуда бар білгенін салды. Сондай-ақ ол Монреалдағы (Канада) жарысқа жолдама алып, тоғызыншы орынға табан тіреді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу