Қазақстандық атлеттер ХОК президентімен кездесті

633

Атлетикалық ауылға арнайы барған ХОК басшысы Олимпиадаға қатысушылармен, оның ішінде, қазақстандық спортшылармен аз-кем тілдесті.   

Қазақстандық атлеттер ХОК президентімен кездесті

Лозаннадағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах жас атлеттермен кездесті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Кездесу  ХОК-тің "Чемпиондармен әңгіме" бағдарламасы аясында өтті. Жиында спортшылар өздері үлгі тұтатын олимпиадашылармен кездесіп, олардан табысты спортшы болудың құпиясы туралы сұрады. 

Семсерлесуден 1976 жылғы Монреаль Олимпиадасында жеңімпаз атанған ХОК басшысынан бөлек, шаңғымен жарысудан Пхенчхан Олимпиадасының чемпионы Киккан Рэндалл, суперкомбинациядан Сочи Олимпиадасының чемпионы Сандро Вилетта және хоккейден Нагано және Ванкувер Олимпиадаларының жүлдегері Эмма Терхо қатысты. 

Біздің атлеттер танымал спортшыларға сұрақ құйып, пікір алмасты. Мәселен, биатлоншы Влада Васильченко Томас Бахқа: "Мотивацияңыз жоғалса оны қайдан аласыз?" деген сұрақ қойды. 

"Спортшы кезімде мен жаттықтырушымнан немесе командалас достарымнан мотивация алатынмын. Егер сіз бір командада жаттығатын болсаңыз, бір спортшылардың еңсесі түскенде, екіншілері рухтандырып, жігер береді. Бапкерің де қолдау көрсеткен соң, тез арада қатарға қосыласың. Сол себепті, айналаңдағы командаластарың да бапкер сынды өте маңызды адам",  – дейді Бах.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу