Қазақстандық әуе компания Ресейге ұшатын рейстерінің бір бөлігін тоқтатты

1328

Компания рейстерді жылдам қалпына келтіру үшін Қазақстан үкіметімен бұл мәселелерді шұғыл шешіп жатқанын хабарлады. 

Қазақстандық әуе компания Ресейге ұшатын рейстерінің бір бөлігін тоқтатты

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы коммерциялық рейстерді сақтандыру тоқтатылуына байланысты Ресей Федерациясына ұшатын рейстерді жүзеге асырмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Air Astana Ресей Федерациясына және сол жақтан келетін коммерциялық рейстерді сақтандыру өтелімінің тоқтатылуына байланысты Ресейге қатынайтын және оның әуе кеңістігі арқылы ұшатын барлық рейсті тоқтататынын хабарлайды", – деп жазылған хабарламада.

Ұйымның баспасөз қызметі авиакомпания рейстерді жылдам қалпына келтіру үшін Қазақстан үкіметімен бұл мәселелерді шұғыл шешіп жатқанын атап өтті.

"Біз тоқтатылған рейстердің жолаушыларынан ақшаны қайтару үшін сатып алған жеріне хабарласуын сұраймыз, ол толық көлемде жүзеге асырылады", – деп жазылған хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу