Қазақстандық ауқаттылар Лондоннан жылжымайтын мүлікті жиі сатып ала бастаған

796

Олардың дені 1 немесе 4 жатын бөлмесі бар орташа аппартаменттерге таңдау жасайды. 

Қазақстандық ауқаттылар Лондоннан жылжымайтын мүлікті жиі сатып ала бастаған

Лондондағы Millbank Residences деп аталатын бағалы тұрғын үй кешеніндегі баспаналардың 10 пайызын қазақстандық ауқаттылар сатып алған. Бұл туралы "Лондон Дом" деп аталатын жылжымайтын мүлікпен айналысатын компанияның өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды astanatv.kz.

Риэлторлар өткен жылы Ұлыбритания астанасына жайғасқан байлардың есімін атаудан бас тартты. Десе де, отандық бизнесмендердің элиталық баспаналарды өз отбасылары мен сол жақта білім алып жүрген балаларына сатып алатыны белгілі болды. Аталған тұрғын үй кешені Ұлыбритания парламенті, Букингем Сарайы мен Патша саябағына өте жақын орналасқан.

Компанияның өкілі Денис Клемчуктің айтуынша, қазақстандық дәулеттілер бір немесе 4 жатын бөлмесі бар орташа аппартаменттерге таңдау жасайды. Олар 1 млн мен 44 млн фунт-стерлинг арасында бағаланады.  

"Біз жақында Лондондағы тарихи ғимараттардың бірін тұрғын үйге айналдырған құрылысшылармен жұмысты бастадық. Өткен аптадан бастап оны саудаға шығарды. Англиядан "Бекли Холмс" деп аталатын құрылыс кәсіпорны өкілдерін ала келдік. Қазір Алматы мен Астана қалаларында сатып алушылармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз",– дейді "Лондон дом" компаниясының өкілі Денис Клемчук.

Осы жылы тағы да барлық пәтерлердің 10 пайызын біздің отандастар сатып алады деген болжам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу