Қазақстандық ауыр атлеттер Өзбекстандағы онлайн турнирге қатысады

535

Жарыс ережесіне сәйкес, спортшылар үйінде немесе жаттығу орталығында сынға түседі. 

Қазақстандық ауыр атлеттер Өзбекстандағы онлайн турнирге қатысады

27-30 тамыз күндері Өзбекстан тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай ауыр атлеткадан халықаралық онлайн кубоктік дода өтеді. Аталған сынға әлемнің үздік спортшылары қатыспақшы, деп хабарлайды olympic.kz.

Қазақстан атынан Зүлфия Чиншанло (55 келі) мен Ибрагим Берсанов (109+) бақ сынайды. Жарыс ережесіне сәйкес, спортшылар үйінде немесе жаттығу орталығында сынға түседі. 

"Турнир онлайн форматты өтсе де, біз үшін өте маңызды жарыс саналады. Бірінші кезекте, команданың рухын көтеруге әсер етеді. Өйткені, спортшылар жарыс алаңын, жарыс атмосферасын қатыт сағынды. Сол себепті, олар бұл бәсекеде бар күшін салады", –дейді команда бас бапкері Бақыт Ахметов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу