Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седовтың денесі табылды.
ПД мәліметінше, 35 жастағы зілтеміршінің денесі Қаратал ауданы Достық ауылында тұрғылықты жерінен табылған.
"Денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Жақындарының сөздеріне қарағанда, ер адам өзіне қол жұмсаған. Бүгінгі таңда өзіне қол жұмсау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс аудандық полиция басшылығының бақылауында", - деп жазылған хабарламада.
Владимир Седов – еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы. Ол 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадаға қатысқан.