Қазақстандық азаматтарды әкелу үшін Қытайға екі ұшақ жіберіледі

965

Қытай тарапының өтініші бойынша осы рейстер арқылы Бейжіңге Қазақстандағы 47 Қытай азаматын, сондай-ақ Қытай Елшілігінің коммерциялық емес жүгін жеткізу жоспарлануда.

Қазақстандық азаматтарды әкелу үшін Қытайға екі ұшақ жіберіледі Фото: Максим Морозов

ҚР СІМ баспасөз қызметі Президент тапсырмасына сәйкес, отанына оралуға тілек білдірген ҚХР аумағындағы қазақстандықтарды эвакуациялау жалғасатынын хабарлады.

"Биылғы жылдың 10 және 12 ақпанында Қытай билігімен келісім бойынша Бейжіңге қазақстандық азаматтарды әкелу үшін "Air Astana" әуекомпаниясының екі ұшағы жіберіледі. Ұшу барысында жолаушылармен бірге медициналық қызметкерлер болады.
Қытай тарапының өтініші бойынша осы рейстер арқылы Бейжіңге Қазақстандағы 47 Қытай азаматын, сондай-ақ Қытай Елшілігінің коммерциялық емес жүгін жеткізу жоспарлануда",– делінген хабарламада.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, қазір онда 719 қазақстандық бар, оның 391-і отанына оралуға көмек көрсету туралы өтініш білдірген. Қалғандары – дипломатиялық мекемелердің қызметкерлері мен отбасы мүшелері, студенттер және басқа да жеке тұлғалар Қытайда қалуды қалаған.

"Қазақстанның ҚХР-дағы дипломатиялық мекемелері қажет болған жағдайда тиісті көмек көрсету үшін ҚР азаматтарымен жұмысты жалғастыруда және тұрақты байланыста",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу