Қазақстандық бай Париждегі 65 миллион еуролық үйін сатылымға шығарды

952

Бельгиялық риелтор Игнас Мювиссеннің айтуынша, пәтер қазақстандықтың әйеліне ұнамай қалыпты.

Қазақстандық бай Париждегі 65 миллион еуролық үйін сатылымға шығарды

Парижде 65 миллион еуроға пәтер сатып алған қазақстандық баспананы сатылымға шығарды, деп хабарлайды Sputnik бельгиялық риелтор Игнас Мювиссенге сілтеме жасап.

Қазақстандық миллионер француз астанасының бай ауданында орналасқан сән-салтанатты пәтерді сатқалы жатыр. SPA-зонасы, брондалған қорғаныс бөлмесі бар баспана үшін үй иесі 125 миллион еуро сұрап отыр. Бұл пәтерді сатып алған бағасынан екі есе қымбат.

Бельгиялық риелтор Игнас Мювиссеннің айтуынша, пәтер қазақстандықтың әйеліне ұнамай қалыпты.

"Қазақстандықтың әйелі енді бұл үйде тұрғысы келмейді", — дейді брокер.

Қоғамның назарына іліккен құны 65 миллион еуро тұратын пәтер иесінің кім екенін риелтор құпия сақтап отыр. Бірақ Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті оның шенеунік емес екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу