Қазақстандық балмұздақ экспорты үш есе өскен

990

Жаздың аптап ыстық күндері бұл өнімге деген сұраныс артатыны анық. 

Қазақстандық балмұздақ экспорты үш есе өскен

2021 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Қазақстанда балмұздақ өндірісі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға төмендеген, деп жазады inbusiness.kz. Ең үлкен балмұздақ өндірісі Алматыға тиесілі.

Сонымен бірге төрт айда шетелге 1,1 мың тоннадан астам балмұздақ сатылды, бұл бір жыл бұрынғыдан үш есеге көп. Негізгі сатып алушы Ресей болып шықты. Сондай-ақ, отандық өнім Орта Азияда, Моңғолияда және Әзірбайжанда сұранысқа ие екені белгілі болды.

Импорт та өсуде, ол 2021 жылдың қаңтар-сәуірінде 2,6 мың тоннаға жетті. Экспорт сияқты импортта да  Ресей негізгі сауда серіктесі болып шықты. Сондай-ақ Қазақстанға балмұздақ ЕАЭО-ның басқа елдерінен – Швейцария, Украина және Түркиядан әкелінеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу